Павлодар – РФ шекарасы ақылы болмақ
Бұйрық құжат жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Көлік министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын «Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрықты бекітті.
Бұйрықпен Павлодар учаскесі - Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға), ІІ санаттағы I-б республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын 389+710 – 191+500 шақырым ақылы болмақ. Бұл – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына).
Бұл ретте баламалы жолмен жүруге болады: «Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі», Ленинск – Ертіс – Русская Поляна республикалық маңызы бар автомобиль жолы.
Ақылы жолдың ұзындығы – 198 шақырым 210 метр. Жолақтардың саны екі бағытта да екі және бір жолақты құрайды. Ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл.