Павлодарлық университетте халықаралық семинар-жиын өтті

Павлодарлық университетте  халықаралық семинар-жиын өтті

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 600 мыңнан астам студент оқып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Торайғыров университетінде ұйымдастырылған іс-шара жастар саясатын дамытуға бағытталған.

Пленаралық отрыстарға Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетел университеттерінің екі жүзден астам өкілі, жоғары білім және жастар саясаты саласындағы жетекші сарапшылар, соның ішінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері қатысты.

– Университетте жастар саясаты мәселелеріне арналған халықаралық семинар-жиын басталды. Біздің студенттер, болашақ мамандар туған өлкенін ғана емес, еліміздің өркендеуіне үлес қосатыны сөзсіз. Осы мақсатта Қазақстан Болон процесіне қатысумен қатар Біртұтас Орталық Азия білім кеңістігін құруда белсенділік танытуда, – деді университет ректоры Еркін Садықов.

Айта кетейік, диалог алаңы халықаралық мәртебеге ие болды – оның қонақтары Германияның Анхальт университетінің, Палацк университетінің жәәне Баку Славян университетінің өкілдері болды.

Сондай-ақ «Этноауыл» мәдени-ағартушылық жобасының тұсаукесері өтті. Оның аясында Павлодар облысы жастарының актерлік, шығармашылық және спорттық жетістіктері көрсетілді.