Павлодар облысы сүт бағасы бойынша ТОП-3 өңірге кірді
Қазақстанда бір жылда сүт өнімдері 10% қымбаттады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
«Energyprom.kz» мониторингтік агенттіктің ақпаратына сүйенсек, ішетін сүт — 14,4%, консервіленген сүт — 13,9%, ашытылған сүт өнімдері — 9,9%, йогурт — 6%, айран — 11,9%, қаймақ — 9,7%, сүзбе — 9,2%, қатты ірімшік — 4,8% көтерілді. Яғни, ең жоғары бағаны консервіленген сүт пен ашытылған сүт өнімдері құрайды.
Өңірлер бойынша сектордағы құнның ең көп өсімі 18,1% құрайтын Ұлытау облысында байқалады. Одан кейін – Батыс Қазақстан (17,8%) және Маңғыстау (15,4%) облыстары. Ең аз жылдық баға өсімі Шымкентте, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында болып келеді.
Мәселен, қаңтар айында елімізде 41 миллиард теңгеден астам сүт өнімдері өндірілді. Бұл көрсеткіш аталмыш өнімнің 0,5 пайызға қымбаттағанын көрсетеді.
Сондай-ақ, Қазақстанда кілегей, балмұздақ және қоюландырылған сүт аз дайындала бастады. Ірімшік, сүзбе, йогурт, май және спредтердің шығарылу көлемі артты. Барлық өнімдер ішкі нарыққа кетті.
Бұдан бөлек, Қазақстан сүттің қатты түрдегі импортына тәуелді. Мұнда нарық отандық тауарлармен небары 19 пайызға қамтамасыз етілген. Ірімшіктер мен сүзбелер де сұраныстың жартысынан азы жергілікті өндірісті қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, ҚР-ға ресейлік сүт өнімдерінің экспорты артуы мүмкін. Биыл Ресей сүт өнімдерін экспорттаушылар үшін көлік шығындары үшін өтемақы көлемін 25%-дан 100%-ға дейін ұлғайтып отыр.