Павлодар облысында көктемгі республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде
Қардан тазалау жұмыстары қарқынды өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жалғастыруда.
– Қазіргі таңда өңірде желдің күшеюі байқалады. Көктемге дайындық та штатты түрде жүргізіліп жатыр. Су өткізу құбырларын қар мен мұздан тазалау күн жылынғанда ағынды судың қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді,– деді компанияның баспасөз қызметінде.
Бүгінде облыс аумағындағы тас жолдарда орналасқан 472 құбырдың 179-ы тазаланған. Павлодар облысына қарасты 1146 шақырым автожолдардағы жұмысқа 75 арнайы техника мен 179 білікті маман жұмылдырылған.