Павлодарда депутаттар балалар үйін ерекше бақылауға алды

Павлодарда депутаттар балалар үйін ерекше бақылауға алды
Фото: «AMANAT» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметі

Мәселесі әлі шешілмеген нысандағы жұмыстар 2022 жылы басталған болатын, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «AMANAT» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше,  мердігер ұйым – «ГрадСтройСервис» ЖШС нәтиженің сапасыздығына және кестеден үнемі қалып отыруына байланысты бірнеше рет сынның астында қалған. 

– Бұл құрылыс компаниясына шағымдар тек павлодарлықтардан түскен жоқ. Фирма нысандарды алған барлық жерде сапа көрсеткіші төмен, мерзімдер бойынша артта қалушылық, өз міндеттеріне немқұрайлы және жауапсыз қарау байқалады, – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты Асылбек Туғанбай.

Мекеме басшылығы жұмысшылардың нысанға қатыспайтындығына және жұмыстардың жартысынан көбін аяқтамағанына назар аударды.

– Мен мұнда жұмысшыларды соңғы рет 29 желтоқсанда көрдім, содан бері олар әлі бой көрсетпеді. Жол салу жұмыстары 40% аяқталмады, шатыр жұмыстары басталмады, қоршаулар орнатылмады, сыртқы электр жарығы, ас блогы бойынша бірқатар ескертулер бар, – деді балалар үйінің директоры Бағдат Кембаева.

«AMANAT» партиясының мүшелері нысанның ерекше бақылауда қалатынын және мұндай өрескел істі қараусыз қалдыруға жол берілмейтінін атап өтті. Бұл мәселені фракцияның жақын отырысында егжей-тегжейлі талқылау жоспарлануда.

Мекеме басшылығы «ГрадСтройСервис» ЖШС мемлекеттік қызметтерді жауапсыз жеткізуші деп тану үшін Павлодар облысының ауданаралық экономикалық сотына кезекті талап-арыз берді. Алдын ала отырыс 12 ақпанға жоспарланған.