Павлодар облысында 500-ден астам көшет отырғызылмақ

Павлодар облысында 500-ден астам көшет отырғызылмақ
Фото: Константин Шелков

Бұл шара «Жасыл аймақ» апталығы аясында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысуда. 25 сәуірде «Жасыл аймақ» апталығы аясында облыста 565 түрлі көшет - қарағай, сирень және қайың отырғызылады.

Көшет отырғызуға жұртшылық, ардагерлер, жастар, этномәдени бірлестіктер, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар, білім өкілдері қатарынан 300-ден астам адам қатысады.

Шарбақты ауданының Шалдай ауылында «Отбасы ағашы» сынды ерекше акция ұйымдастырылады. Онда 40 жылдан астам балалары мен немерелерімен бірге өмір сүрген бес отбасының қолымен қылқан жапырақты ағаштардың 50 көшеті отырғызылады.