Ақсулық полицейлер қаза тапқан әріптестерінің жұбайын құттықтады
Қалыптасқан дәстүр бойынша Ақсу қаласының полиция қызметкерлері қаза тапқан қызметкер Асхат Кудериннің отбасына барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ол жол-патрульдік полициясында қызмет етті. 2021 жылдың сәуір айында аурудың асқынуына байланысты кенеттен қайтыс болды. Отбасында үш бала қалды.
– Әріптестеріміздің өмірінен кету тек туыстарына ғана емес, онымен ұзақ уақыт бір ұжымда жұмыс істеген әріптестерімізге де ауыр әсер етеді. Жаңа жыл қарсаңында біз Асхаттың отбасына барып, жұбайы Әйгерім мен қыздарын құттықтадық. Отбасыларды қолдау — біздің әріптестерімізге деген құрмет, - деді патрульдік полиция взводының командирі Рустам Байғабылов.
Балалар қонақтардың келуіне қуанышты болды, жұбайы отбасына көңіл бөліп, отағасын еске алғаны үшін өз ризашылығын білдірді.
- Патрульдік полиция взводының қызметкерлеріне балаларыма сыйға тартылған жаңа жылдық ертегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Әріптестері жолдасым Асхат Кудеринді еске алып құрметтейді. Біздің отбасымызды ешқашан ұмытпайды, бізді жыл сайын 8 наурыз бен Жаңа жылмен мерекесімен құттықтап отырады, - дейді Әйгерім Кудерина.
Оның айтуынша, балалар әкесінің достарын таниды, әрқашан күтіп жүреді. Өз кезегінде ол полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, өркендеу, бейбітшілік пен амандық тіледі.