Павлодарда түрлі саланың мамандары интеллектуалды сайысқа түседі
Оған ұлттық ойын кіріктіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жастарды интеллектуалды тұрғыда дамыту мақсатында мәдениет, денсаулық, білім, бұқаралық ақпарат өкілдері мамандары арасында «Mi trend» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылады.
– Сайыс «Іріктеу» және «Дода» кезеңдері арқылы, әдебиет, жалпы сұрақтар, өнер, салт-дәстүр, әлем және тарих бағыттарындағы сұрақтар қойылып, тоғызқұмалақ ойынын кіріктіру арқылы жүзеге асады,– деді облыстық кітапханада.
Интеллектуалды сайыс 7 ақпанда сағат 15:00-де басталады.