Павлодар облысында ауылдықтар қалалықтарға қарағанда көлікке бай

Павлодар облысында ауылдықтар қалалықтарға қарағанда көлікке бай
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұның бір себебі – қоғамдық көлік мәселесінің жоқтығында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, Павлодар облысындағы қала тұрғындарының 26 пайызында ғана жеке көлік бар. Қалалықтардың көпшілігі дамыған қоғамдық көлік желісінің арқасында жеке көліксіз-ақ қиналмай жүре алады.

Павлодар Ертіс өңірінің ауылдық аймақтарында жеке көлік иелену деңгейі – еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі: ауылдық үй шаруашылықтарының 47,9 пайызы жеңіл автокөлікке ие. Бұл – республика бойынша ауылдық жерлердегі орташа көрсеткіштен (45 пайыз) айтарлықтай жоғары және Қазақстан өңірлері арасындағы ең үздік нәтижелердің бірі.

Бұдан жоғары көрсеткіш тек Маңғыстау (73,2 пайыз), Ұлытау (59,4 пайыз) және Жетісу (55,8 пайыз) облыстарында ғана тіркелген.

Павлодар облысының ауылдарындағы жоғары автокөліктену деңгейі тек халықтың әл-ауқатын ғана емес, сонымен қатар елді мекендер арасындағы қашықтықты ескерсек, жеке көліктің өмірлік қажеттілік екенін де көрсетеді.