Павлодарда табиғи таза өнімдер сатылады
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кезекті жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 17 ақпан күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады:
- шикі сүт Тереңкөл ауданының «Астық ПВ» ЖШС фермерлер базарының ішіне жеткізіледі. Ауа райының нашарлауына байланысты көше қатарларында шикі сүтті сату жоспарланбайды;
- тауық жұмыртқасын «Павлодар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС жергілікті құс фабрикалары қамтамасыз етеді.
Өтетін орны: Торговая көшесі, 2а құрылыс.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз («Халық» базарында), Ақсу(«Ауыл базары») қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауылдық ауданында ұйымдастырылады.