Павлодар облысы бензин өндірісі бойынша үздік үштікке енді
Биыл қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша ҚР-да 3,4 млн тонна бензин өндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бұл – былтырғыдан 5,4% көп.
Өңірлер бойынша дәстүрлі түрде ең көп бензин өндірген – Шымкент: 1,3 млн тонна, бір жылда 8,2% азайған. Сондай-ақ үздік үштікке Атырау (1,2 млн тонна, 30,4% көбейген) және Павлодар (980,4 мың тонна, 0,6% көбейген) облыстары кірді.
Жалпы, 2022 жылы елімізде бензин өндірісі 5 млн тоннаны құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 3,1% көбейді.
Биыл қыркүйекте бензин бағасы былтырғымен салыстырғанда 13,4% өсті. Оның ішінде АИ-98 – 11,7%, АИ-92 – 12,8%, АИ-95/АИ-96 16,8% қымбаттады. АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа бағасы – 203 теңге, АИ-95/АИ-96 – 249 теңге, АИ-98 261 теңге болды.
Әсіресе өңірлер бойынша Алматыда бензин бағасы өсті: былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 15% қымбаттаған. Одан кейін Алматы облысы және Қарағанды облысы: тиісінше 14,4% және 14,3% қымбаттаған.