Павлодарда жас педагогтердің еңбегі еленді
Дарынды мұғалімдер арасындағы байқаулардың қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарда облыстық және республикалық «Дарынды мұғалім - дарынды балаларға», «Педагогикалық дуэт», «Педагогикалық инновация» конкурстарының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды, жүлдегерлерді, номинанттарды марапаттау рәсімі өтті.
«Дарынды мұғалім - дарынды балаларға» конкурсының қорытындысы бойынша № 5, 8, 21, 35, 39, 41, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, М. Әлімбаев атындағы, А. Байтұрсынов атындағы жеті педагог, төрт психолог, үш мектеп тәлімгері марапатқа лайықты деп танылды.
«Педагогикалық дуэт - 2024» конкурсының қорытындысы бойынша М. Әуезов атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Р. Нұртазина атындағы, № 39 ЖОМ бес педагогикалық дуэт марапатталды.
«Менің педагогикалық инновациям- 2024» конкурсының қорытындысы бойынша № 39, М. Әуезов атындағы және Малайсары батыр атындағы мектептердің үш педагогі және № 112, 8, 57, 93 мектепке дейінгі ұйымдардың бес педагогі марапатқа ие болды.
Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин оларға дипломдарды табыстады.
Марапаттау рәсімінде А. Байтұрсынов атындағы мектептің оқушылары мен жас педагогтері музыкалық нөмірлермен өнер көрсетті.