Павлодарда бес қоғамдық көлік уақытша жүру бағытын өзгертеді

Павлодарда бес қоғамдық көлік уақытша жүру бағытын өзгертеді

Автобустар 10 шілдеге дейін басқа  бағытта жүретін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілішісі.

Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, №003, 115, 126, 153, 18 автобус бағыттарының қозғалыс схемаларында уақытша өзгерістер енгізіледі. Толстой көшесі мен Катаев көшелерінің қиылысында өндірістік жұмыстардың жүргізілуіне байланысты автобустардың қозғалысы шектеледі. 

№003 шағын класты автобус бағыты батыстан шығысқа қарай Ломов көшесімен жүрген кезде сол жаққа Н. Назарбаев даңғылына бұрылады, әрі қарай Естай көшесі мен Катаев көшесі қиылысынан айналыс жасап, Естай көшесіне оңға бұрылыс жасайды, содан кейін оң жаққа Н. Назарбаев даңғылына бұрылады да әрі қарай бағыт бойынша қатынайды. Кері бағытта да дәл осылай жүреді.

№115 шағын класты автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай Катаев көшесі бойымен жүрген кезде солға қарай Ак. Шөкин көшесіне бұрылады, әрі қарай оңға бұрылып, Н. Назарбаев даңғылына шығып, әрі қарай бағыт бойынша жүреді. Кері бағытта да дәл осылай жүреді.  

№126 шағын класты автобус бағыты Толстой көшесімен шығыстан батысқа қозғалған кезде оңға Катаев көшесіне бұрылады, әрі қарай солға Естай көшесіне бұрылады және солға Н. Назарбаев даңғылына шығады, содан кейін оңға бұрылып, Толстой көшесіне түседі және әрі қарай бағыт бойынша жүреді. Кері бағытта да дәл осылай жүреді.

№153 шағын класты автобус бағыты солтүстіктен оңтүстіктен қарай Н.Назарбаев даңғылы бойымен жүрген кезде солға қарай Ак. Шөкин көшесіне бұрылады, әрі қарай оңға бұрылып Катаев көшесіне және әрі қарай бағыт бойынша қозғалады. Кері бағытта да дәл осылай.

№18 автобус бағыты батыстан шығысқа қарай Естай көшесі бойымен қозғалғанда оңға қарай Н.Назарбаев даңғылына бұрылады, әрі қарай Н.Назарбаев даңғылы – Толстой көшелері қиылысында бұрылыс жасайды және тура Н.Назарбаев даңғылы бойымен жүріп, солға Естай көшесіне бұрылыс жасайды және әрі қарай бағыт бойынша жүреді.

Фото: Константин Шелков