Павлодар облысында дені сау адамды психоневрологиялық орталықта ұстаған

Павлодар облысында дені сау адамды психоневрологиялық орталықта ұстаған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар ауданының қадағалау органы тексеру барысында әрекетке қабілетті тұлғаның психоневрологиялық орталықта болу фактісін анықтаған.

Бұл адамның мамандандырылған мекеменің қамқорлығына 2008 жылы сот шешімімен орналастырылғаны белгілі болды. Прокуратураның араласуынан кейін ғана мамандар оның денсаулық жағдайының оң динамикасын атап өтті, ал орталық қызметкерлері оны назардан тыс қалдырған, – дейді прокуратурада.

Осыған байланысты сот Павлодар ауданы прокурорының талап арызы бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізгеннен кейін жоғарыда аталған адамды әрекетке қабілетті деп танып, психоневрологиялық орталық қамқорлығының күшін жойды.