Павлодар облысында еріген қар суы жолды басты
Көлік қозғалысына шектеу қойылмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Telegram-каналының ақпараты бойынша, 2024 жылғы 21 наурызда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Ленин-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов» автожолының 213 шақырымында екі жерден еріген қар суының тасуы тіркелді. Су тасқынының жалпы ұзындығы 10 метрді, биіктігі 0,5 см құрайды.
Көрсетілген аумақта су өтетін құбыр қарастырылмаған. Қазіргі уақытта еріген суды бұру жұмыстары жүргізілуде.
Ұлттық компания автомобиль жолы мен жер төсемін бұзу қаупі жоқ деп сендірді.