Екібастұзда әлеуметтік объектілерге кірме жолдар жөнделеді

Екібастұзда әлеуметтік объектілерге кірме жолдар жөнделеді

Биыл 10 мектеп пен балабақшаны қамту жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин қаланы кезекті аралау кезінде кірме жолдарды абаттандыру және жөндеу туралы айтты.

- Әлеуметтік объектілерге кірме жолдарды тексердім. Олардың көпшілігі жол жөндеуді, сонымен қатар тұрақ аймақтарын ұйымдастыруды қажет етеді. Ағымдағы маусымда кемінде 10 білім беру мекемелерін қамтуды көздеп отырмыз. Әрине, бір маусымда барлық мәселелерді шешу мүмкін емес. Сондықтан 2-3 жыл ішінде әлеуметтік объектілерге барлық кірме жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Бұдан бөлек, Аян Бейсекин қалада тазалықты сақтау қажеттігін де еске салды. Әлеуметтік объектілер, бизнес субъектілері, көппәтерлі тұрғын үйлер, мемлекеттік мекемелер барлығы іргелес аумақтың тазалығын қадағалаулары қажет екенін атап өтті.