Павлодарда полицияның қызметтік көлігін айдап кеткен күдікті қолға түсті
Ол қылмыс барысында жол апатына түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
— Дүкеннен ұрлық жасау және қызметтік автокөлікті айдап әкету фактілері бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген баспасөз хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті масаң күйде болған. Ұрлық жасап, автокөлікті айдап әкеткеннен кейін Назарбаев пен ҚазПравда көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасын жасаған. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Сонымен қатар, қызметтік автокөліктің айдап әкетілуіне жол берілу фактісі бойынша қызметтік тексеру басталды.