Павлодарлықтар коммуналдық салаға қатысты сұрақтарын тікелей эфирде қоя алады

Өңір тұрғындарына проблемалық мәселелерді шешу жолдары түсіндіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында реттелетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша тұтынушыларға арналған қоғамдық қабылдау өткізеді.
Қоғамдық қабылдау 4 наурыз күні сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.