Павлодар облысында мас күйінде танысын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды
Көңілді отырыстың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың 25 шілдесінде Екібастұздағы Қонаев көшесі бойымен өтіп бара жатқан тұрғын пышақ жарақаты бар ер адамды көріп, жедел жәрдем мен полиция шақырған. Оқиға орнына жедел - тергеу тобы дереу жеткен болатын. Тергеу барысында марқұмның соңғы күні қалпына келтіріліп, оның достарымен бірге ішімдік ішкені анықталды.
Сол түні пәтерде үш ер адам мен екі әйелдің мерекеге жиналған. Таңертең әйел адамдар кетіп, ерлер үйдің ауласына шығып, әңгімені жалғастырған. Біреуі мас күйінде танысына пышақ сұғып, соңғысы алған жарақаттардан сол жерде қайтыс болды.
Қалалық сотта Екібастұзға жұмыс істеуге келген Баянауыл ауданының тұрғынын өлтіргені үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
– Қылмысты жасаған ер адам Астанаға кеткісі келіп, такси шақырған бойда Екібастұз қаласының жедел уәкілдерімен ұсталды. Оның кінәсінің толығымен дәлелденді, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының орынбасары Валентин Бримжанов.
Сот үкімді жариялады. Іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот ерекше режимдегі қылмыстық - түзеу жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.