Павлодарда әлеуметтік желідегі видеодан кейін Audi жүргізушісі жауапқа тартылды

Павлодарда әлеуметтік желідегі видеодан кейін Audi жүргізушісі жауапқа тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Катаев көшесінде апаттық жағдай туғызған автокөлік иесі полиция назарына ілікті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде ереже бұзу дерегін анықтаған. Бейнежазбада «Audi A4» көлігінің жүргізушісі Катаев көшесімен қозғалу кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жол-көлік оқиғасының орын алу қаупін тудырған.

Аталған факті бойынша жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жыл басынан бері маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 727 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады департаментте.

Өңірлік ведомство жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, сондай-ақ кенеттен басып озу мен апатқа әкелуі мүмкін шұғыл маневрлерден аулақ болуды ескертеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)