ЖКО: Павлодар облысында үш адам ауруханаға жеткізілді

ЖКО: Павлодар облысында үш адам ауруханаға жеткізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендердің ішінде кәмелетке толмаған бала да бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шақырту 27 шілде күні тіркелді.

Омбы – Майқапшағай автожолында, Кенжекөл ауылының ауданында зардап шеккендермен ЖКО орын алды. Хабарламаны алғаннан кейін департаменттің Апаттар медицинасы орталығының бригадасы дереу оқиға орнына барды. АМО қызметкерлері екі әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Павлодар қаласының ауруханасына жеткізді. Сонымен қатар, 2015 жылы туған кәмелетке толмаған балаға «103» жедел жәрдем бригадасы алғашқы көмек көрсетіп, оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді, – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық балалар ауруханасы мәлімдегендей, 2015 жылы туған бала аурухананың травматологиялық пунктіне сағат 20:00-де жеткізілді.

Дәрігердің қарау нәтижесінде сол жақ бұғана сүйегінің жабық сынуы анықталды. Балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Баланың ми шайқалуы белгілері анықталған жоқ, сондықтан ол амбулаториялық бақылауға жіберілді, – деді облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Апаттар медицинасы орталығы жалпы саны 47 жол-көлік оқиғасына шұғыл шықты. Оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттерінің бригадалары 70 адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Ведомство тұрғындарды жол жүру ережелерін сақтауға, көлік жүргізу кезінде барынша мұқият болуға шақырады.

Фотосуретті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынды