Павлодар облысында Республика күніне орай тауарларға қандай жеңілдік жасалады?

Павлодар облысында Республика күніне орай тауарларға қандай жеңілдік жасалады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мерекелік акцияларға өңірдегі 41 сауда нысаны қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Республика күніне орай Павлодар облысында «Republic Day» және «Береке Fest» республикалық акциялары ұйымдастырылады. Тұрғындар азық-түлік пен басқа да тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып ала алады.

«Republic Day» акциясы аясында Павлодар мен Ақсу қалаларындағы 13 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығында түрлі тауарларға 50 пайызға дейін жеңілдік ұсынылады.

Павлодар қаласында:

BatyrMall – Қамзин көшесі, 67/1; Miras – Абай көшесі, 150; Atrium – Академик Сәтбаев көшесі, 245/1; Манақбай – Мәшһүр Жүсіп көшесі, 15; Жаңа ЦУМ – Академик Сәтбаев көшесі, 63/1; Ескі ЦУМ – Академик Сәтбаев көшесі, 63; Рубин – Назарбаев даңғылы, 58; Гулливер – Назарбаев даңғылы, 48/1; Артур – Назарбаев даңғылы, 41; Квазар – Естай көшесі, 81; CityCenter – Академик Сәтбаев көшесі, 130.

Ақсу қаласында:

Salem – Астана көшесі, 5/2; AqsuMall – Ленин көшесі, 24/1.

«Береке Fest» акциясы Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы 28 сауда нысанын қамтиды. Greenwich, INMART, Small, «Ваш» және «Пахомовский» желілерінде күнделікті тұтынатын өнімдерді қоса алғанда, түрлі тауарларға 30 пайызға дейін жеңілдік жасалады.

Павлодар қаласында:

Greenwich: Қамзин көшесі, 67/1; Генерал Дүйсенов көшесі, 3/1; Академик Сәтбаев көшесі, 245/1; Абай көшесі, 150; Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 99 (144-үй-жай), 283/1; Ткачев көшесі, 10/4; Ломов көшесі, 37.

INMART: Назарбаев даңғылы, 42; Мәшһүр Жүсіп көшесі, 286/6.

Small: Марғұлан көшесі, 113; Катаев көшесі, 51; Циолковский көшесі, 33/6; Академик Сәтбаев көшесі, 316/1, 47; Торайғыров көшесі, 1/3; Назарбаев даңғылы, 41; Бекхожин көшесі, 3/2.

«Ваш»: Астана көшесі, 16/2; Назарбаев даңғылы, 19.

«Пахомовский»: Нұркин көшесі, 102.

Екібастұз қаласында:

Greenwich: Беркімбаев көшесі, 92А.

Small: Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52В, 88; Мұхтар Әуезов көшесі, 47Б.

Ақсу қаласында:

Greenwich: Ленин көшесі, 24/1.

Small: Әуезов көшесі, 10; Қамзин көшесі, 61.

Жеңілдіктерден бөлек, кейбір сауда орындарында Республика күніне арналған мәдени және ойын-сауық бағдарламалары өтеді. Келушілер арасында Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер және ұлттық мерекенің маңызы туралы блиц-сауалдар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ еліміздің тарихы, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін бейнелейтін шығармалар қойылған көшпелі көркемсурет музейі жұмыс істейді. Сатып алушыларға арналған интерактивті сауалдар, жергілікті шығармашылық ұжымдар мен әншілердің шағын концерттері де жоспарланған.

Акциялар барысында тұрғындарға жеңілдіктер, арнайы ұсыныстар және сауда орындарындағы мерекелік бағдарламалар туралы ақпарат беріліп отырады.