Павлодар облысында шетелдік инвестор қиындыққа тап болды
Кәсіпкер жер учаскесіне қол жеткізе алмай жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірқатар ауқымды жобалар іске асырылуда.
Осындай жобалардың бірі – құрамында 300 мың тонна алтын бар концентратты қайта өңдейтін «Ертіс ГМК» зауытының («ЕГМК» ЖШС) құрылысы болып табылады. Ол инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулдың құрамына кіреді. Жоба құны 347 миллиард теңгені құрайды.
– Кәсіпкер жобаны іске асыру барысында уақытша айлақ салу үшін жер учаскесін алу және ірі габаритті жүкті тасымалдауға рұқсат құжаттарын беру мәселесіне тап болды. Бұл өз кезегінде жобаны іске асыру мерзімдерінің бұзылуына әкелуі мүмкін еді, – деді ҚР Бас көлік прокуратурасында.
Фронт-офис жұмысы шеңберінде уәкілетті органдарды үйлестіру арқылы кәсіпкер субъектісі жер учаскесін және жүктерді тасымалдауға рұқсат құжаттарын уақытылы алды.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының ерекше бақылауында.