Павлодарда зейнеткер алаяқ аруға алданды

Павлодарда зейнеткер алаяқ аруға алданды
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Ол «үйдің кіреберісіне жөндеу жүргіземіз» деген сөзге сеніп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, айлакер бойжеткен  қарт әйелден сенімге кіру арқылы бес мың теңге алып кеткен. Кейінірек белгілі болғандай, кіреберісті жөндеу жоспарланбаған. 

- Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінде 21 жастағы павлодарлық зейнеткерге кіреберісте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған ақша тапсыру қажет екенін айтады. Зейнеткер көлемі бес мың теңге болатын купюраны ойланбастан берген. Алайда көршілерімен сөйлескеннен кейін зейнеткер кіреберісте жөндеу жоспарланбағанын анықтап, полицияға жүгінді, - делінген хабарламада. 

Ұсақ ұрлық фактісі бойынша полиция тексеру жүргізді. Қыздың жеке басы анықталды.