Павлодар облысында түлектердің 60%-дан астамы жұмысқа орналастырылды

Павлодар облысында түлектердің 60%-дан астамы жұмысқа орналастырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2024-2025 оқу жылының басында өңірде 39 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы және үш филиал жұмыс істеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, оқушылардың жалпы саны 22948 адамды құрады. Оның ішінде 10458 адам немесе 45,6% – әйелдер. 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 1% азайды.

Білім алушылардың жалпы санының 80,1% негізгі орта білім негізінде, 18,1% жалпы орта білім негізінде, 1,8% ТжКБ базасында білім алады. 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 18549 адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 80,8%  құрайды. Ақылы білім беру қызметтерін 4399 адам немесе білім алушылардың 19,2% алады, – деді департаментте. 

Өткен оқу жылындағы түлектер саны 6701 адамды құрады. Оның ішінде 4237 адам (63,2%) жұмысқа орналастырылды және 1310  адам (19,5%) жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды.