Павлодар облысының үздік ауыл оқушылары Астанаға демалуға аттанды

Павлодар облысының үздік ауыл оқушылары Астанаға демалуға аттанды

Лагерьге кеткен балалардың барлығы ауылдық аймақта оқиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысындағы ауылдық аймақтардың, нақтырақ айтсақ, Екібастұз қаласының ауылдық аймағы, Ертіс,  Май, Аққулы, Шарбақты және Успен аудандарының 100 оқушысы Астана қаласындағы Назарбаев университеті жанынан ашылған «Айналайын» лагеріне демалуға жіберілді. Олар –  оқу үздіктері, түрлі конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Бұл жоба «Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен ұйымдастырылуда. Ал, қалған аудандар келесі ауысымда баратын болады.

–  Бүгін Астана қаласындағы Назарбаев Университеті жанында ашылған лагерьге бара жатырмыз. Жалпы, Астанаға бірінші рет  жол жүремін. Лагерь ұнайды деген үміттемін. Астананың ең әдемі жерлерін көреміз деген ойдамын, – деді лагерь қатысушысы Айтолқын Итаева.

Лагерьге  келген  балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, танымдық дүниелермен танысады. Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулығын сауықтыру – бүгінгі күннің басты міндеті.