Павлодардағы жоғары оқу орнының педагогтары Қазақстанның топ-үздіктеріне енді

Павлодардағы жоғары оқу орнының педагогтары Қазақстанның топ-үздіктеріне енді

Жүлделі орындарды Торайғыров университетінің алты маманы иеленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы университет ректоры Еркін Садықов өзінің Facebook парақшасында жазды.

- Бірден ToU-ның алты өкілі өткен жылдың қорытындысы бойынша "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жүлдегерлері атанды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Астанада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өтті, - деді Еркін Садықов.

Ол мұндай байқаулар оқытушыларды өз бетінше өсуге және ең жақсы тәжірибені қабылдауға ынталандыратынын айтты.

- Оқытушыларды дамыту есебінен қазақстандық университеттер беретін білім сапасы да артады. Ақыр соңында, біз бәріміз дәл осыған ұмтыламыз. Бүкіл ел бойынша үздіктер қатарына енген әріптестерімізді құттықтаймын. Бұлар Нұргүл Тоқжігітова, Бақыт Қуанышева, Майра Қожамжарова, Олжас Талипов, Асхат Бергузинов және Шынар Арынова, – деп атап өтті Еркін Садықов.

ЖОО басшысы әріптестеріне жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін алғысын білдірді.