Павлодар облысында жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысу ұсынылды
Өңірде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Павлодар облыстық филиалы мен «ҚАЖсервис» ЖШС мәліметінше, 20-22 қазан аралығында ауа райы қолайсыз болады деп күтілуде.
Осы күндері қар мен жаңбыр түрінде мол жауын-шашын түсіп, ауа температурасы төмендеуі ықтимал. Жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін.
Осыған байланысты жол қызметтері жүргізушілерге көліктерін қысқы дөңгелектермен алдын ала жабдықтауды ұсынды.
Сондай-ақ мамандар жол қозғалысы ережелерін сақтап, көлік жүргізу кезінде мұқият болуға шақырды.