Павлодарда апатты үйдің тұрғындарымен келісім жасалуда
Әкімшілік тұрғындар үшін үш бөлмелі пәтер ұсынуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні мердігерлік ұйым «Кусаинов А.Е» Центральная көшесі, 6 мекенжайындағы пәтерлердің иелерімен уақытша тұруға бес келісімшарт жасасқан.
– Қалған үй-жайлардың иелерімен қоныс аударуға ұсынылған үш бөлмелі пәтерлерді қарау және келісімшарттар жасау жұмыстары жүргізілуде, – деп жазылған хабарламада.
Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі пәтер иелеріне хабарлама жолдады. Бұл хабарламаларда үш бөлмелі пәтерлердің мекенжайлары көрсетілген.
Еске сала кетейік, Центральная көшесі, 6 мекенжайында орналасқан үйлерде сызаттар түсе бастаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұл үйді апатты деп санап, тұрғындардан үйді босатуды сұраған.