Екібастұз қаласының әкіміне тұрғындар абаттандыру мәселесімен жүгінді
Азаматтарды жеке қабылдау әр сейсенбіде өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қаланың жеті тұрғыны абаттандыру, жұмысқа орналасу, ағаштарды кесу, сондай-ақ тұрғын үй мәселелерімен жүгінді.
– Мәшһүр Жүсіп көшесі, 40 «а» мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарының бірі жүргізілген жұмыстардан кейін абаттандыруды қалпына келтіру туралы өтініш жасады. Салалық бөлім мен коммуналдық қызметтерге мекенжайға барып, барлық қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырдым, – деді қала әкімі Аян Бейсекин.
Сондай-ақ ол орынбасарлары мен бөлім басшыларына көтерілген әрбір мәселені қарауды тапсырды.