Павлодар облысында жастар cот талқылауына қатысты

Павлодар облысында жастар cот талқылауына қатысты
Фото: ПД баспасөз қызметінен

Павлодар облысында жастар cот талқылауына қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының мектеп оқушылары мен студенттері тергеуші, прокурор, судья және айыпталушының рөлдерін өздері сомдады. Жастар тек бақылаушы болып қоймай, сот талқылауына толыққанды қатысу мүмкіндігіне ие болды. 

— Іс-шара форматы қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі - есірткі қылмыстарына арналды. Шартты сот залында процестің шынайы көрінісі көрсетілді. Яғни айыптау жарияланып, қорғау тарапының ұстанымы ұсынылды. Дәлелдер зерттеліп, куәлардың айғақтары тыңдалды. Талқылаудың өзегінде жас азаматты «жеңіл табыс» деген желеумен есірткі таратуға тарту, сондай-ақ тыйым салынған заттарды сақтау мен өткізудің құқықтық салдары дәлелденді, - делінген хабарламада. 

Шынайы оқиға желісіне құрылған қойылым болса да қатысушылар тәжірибе жүзінде тез ақша табу иллюзиясының артында ауыр қылмыстық жаза, соттылық және бұзылған өмірлік перспективалар тұрғанына көз жеткізді. Жастар өз ұстанымдарын белсенді қорғап, заңнама нормаларын талдап, дербес қорытынды жасауға мүмкіндік алды.

Сарапшы ретінде облыстық прокуратураның, полицияның және адвокатураның тәжірибелі өкілдері қатысты.