Павлодар ҚХА су тасқыны аймағындағы ауыл тұрғындары үшін тонна гуманитарлық көмек жинады
Азық-түлік, қажетті заттар, киім-кешек қораптар мен қаптарға салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлықтар Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың ұсынысын алғашқылардың бірі болып қолдады. Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жөніндегі штаб ашылды. «Жүректен – жүрекке» акциясына барлық этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Ассамблея жастары қатысады.
– Біздің күшіміз – бірлікте. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрқашан дайын – дейді штаб басшысы, «Ватан» Әзербайжан қоғамының төрағасы Муслим Махмудов.
Бірлестіктің үш күнінде 1,5 миллион теңгеге екі тоннадан астам гуманитарлық жүк жиналды – киім, аяқ киім, азық-түлік, гигиена құралдары, сабын-жуғыш заттар, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер. Бір тонна картопты шешен-ингуш этномәдени бірлестігі, 200 келі ұнды «Жастар ассамблеясы» және татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы бөлді.
Павлодарлық «ассамблеялықтар» бірінші рет көмек қолын созып отырған жоқ. Олар Түркиядағы жер сілкінісі мен Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық жүк жинауға қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқынына қарсы іс-шаралар Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты және Тереңкөл аудандарында өткізіліп жатыр. Облыстың елді мекендерінде 268 адам жұмыс істейді, олар 114 арнайы машинаны пайдалануда.