Павлодар облысында терроризмнің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өтеді

Тұрғындардан сабыр сақтап, ресми ақпаратқа ғана сену сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық терроризмге қарсы жедел штаб баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 шілде күні Павлодар облысының аумағында ҚР Антитеррорлық орталығының үйлестіруімен «Шілде-Антитеррор-2025» атты антитеррористік оқу-жаттығу өтеді. Іс-шара терроризм актілерінің алдын алу және оның салдарын жоюға бағытталған.
Ұйымдастырушылар азаматтарды сабыр сақтауға, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауға шақырады.