Павлодарда Пяндж жағасындағы ерлікке тағзым етілді
1993 жылдың маусымынан 2001 жылдың ақпанына дейін он мыңнан астам қазақстандық жауынгер Тәуелсіз елдер достастығының оңтүстік шекарасының тыныштығын қамтамасыз етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
90-жылдары Тәжікстандағы азамат соғысы жағдайында ТМД-ның сыртқы шекараларын, әсіресе Пяндж өзені бөліп тұрған тәжік-ауған учаскесінде қорғаудың маңыздылығы арта түсті. 2001 жылдың ақпанында қазақстандық біріктірілген атқыштардың Жеке батальоны өз міндетін абыроймен атқарып, Тәжікстан аумағынан шығарылды. Осыған байланысты Назарбаев даңғылы және Жаяу Мұса көшелері қиылысындағы ескерткіш маңында арнайы митинг өтті. Онда күштік құрылымдар басшылары мен аталған оқиғалар ардагерлері сөйледі.
- Біздің жауынгерлер қатысқан бұл соғыс аяқталғалы біраз уақыт өтті. Бұл соғысты «жарияланбаған» деп аталса да, оған қатысқан ардагерлер ерлігін ұмытпаймыз. Қазақстандықтардың қызмет еткен жылдары батальон күшімен бірнеше ірі содырлар тобы жойылды, жүздеген шекара бұзушы ұсталды, орасан зор көлемдегі қару-жарақ пен есірткі тасудың жолы кесілді. Ондаған сарбаз бен офицер еліміз бен ТМД-ның басқа мемлекеттері тарапынан үкіметтік марапаттармен құрметтелді, - деді Павлодар облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің уақытша м.а. Дулат Есенжаров.
15-батальон фельдшері Қуат Алданғоров сол кезде ерекше мақтанышпен еске алды. Қазақстандық сарбаздардың тәжік-ауған шекарасындағы миссиясы туралы сөйлегенде ардагер Франклин Рузвельттің «көршінің үйі өртеніп жатқанда, жалын өз үйіңе келгенше күтпей, көмектес» деген сөзін келтірді.
- Сол кезде Тәжікстанда азамат соғысы жүріп жатты, жергілікті әскер шекарасын қорғай алматын жағдайда еді. Ол түсінікті де. Өйткені, Ауғанстан жағынан көптеген діни, террорлық лаңкестер мен есірткі таратушылар дендер кіріп жатты. Біздің мақсат – ТМД шекарасын қорғау еді. Елдің ішкі шаруасына еш араласқан жоқпыз, - деді Қуат Алданғоров.
Тереңкөл ауылының тумасы Сергей Загинайло 1-Отар тәжік-ауған ротасы сапында қызмет етті. Ол сол жерге Жамбыл облысының Отар бөлімшесінен аттанды.
- Ұшақпен әуелі Душанбеге, сосын тікұшақпен шекараға жеттік. Бірден біртүрлі сезімге ендік: тікұшақ гуілі, қару-жарақ – кәдімгі соғыс жағдайы. Келе сала бізді ЗИЛ мен БТР-лерге мінгізіп, шекара заставаларына таратты. Адреналин қайнап тұр: автоматтарды ұрыс жағдайын көшірдік, колонналар алға жөнелді. Келген бетте түнде ұйқы жоқ, автоматты жанымызға алып жатамыз, жан жақта атыс, жарылыс дыбыстары, сигнал ракеталары жарқ-жұрт етеді. Бандалар қайта-қайта шекарадан асқысы келеді, бірақ біз бұған тойтарыс бердік. Минометтік ұрыстардың бірінде екі офицер мен төрт сарбазымыздан айырылдық, - дейді Сергей Загинайло.
Митинг соңында қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, елімізде ешқашан қару-жарақ атысы естілмесін десті.
Қазақстандық Біріктірілген батальон үш күштік ведомство жауынгерлерінен құрылды: Шекара әскері мен Қорғаныс министрлігінен екі-екі рота және Ішкі әскерден бір рота. Барлық 24 батальонда он мыңнан астам қазақстандық қызмет етті. Олар Хорог шекара жасағы мен Калаи-Хумб комендатурасының қорғанысын мықтады.
Фото: автор