Павлодарда қоқысты терезеден лақтырған тұрғын жазаланды

Павлодарда қоқысты терезеден лақтырған тұрғын жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қоқысты белгіленген орынға тастамағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айппұл салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, пәтердің терезесін контейнермен шатастырған тұрғындар жазаланды. «Жалқау» бірінші жағдайда ескерту алды. Қайта бұзылған жағдайда  – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл,  ал кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

–   Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйдің тұрғындары терезеден қоқыс пен шыны салынған пакеттерді лақтырған көршісіне шағымданды. Тағы бір жағдайда Толстой көшесінде қонаққа келген қала тұрғыны қоқыс салынған пакетті кіреберісте қалдырған. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушылар жауапқа тартылды, – деді департаментте.

Тәртіп сақшылары қаладағы тазалық тұрғындарға байланысты екенін ескертті.

Айта кетейік, жақын қоқыс жәшігіне бірнеше қадам жасауға жалқауланып, үй жануарын серуендеткеннен кейін қоқысты алып тастамаған, кіреберісте құрылыс қоқыстарын, ескі жиһаздарды қалдырған. Осы секілді абаттандыруды бұзғаны үшін 400-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.