Павлодар облысында жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларына көбінесе қалалықтар шалдыққан
Сырқаттанушылықтың едәуір бөлігі қалалық жерлерде тіркелген – 81,2%, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген жұқпалы аурулардың арасында ең көп таралғаны: жоғарғы тыныс жолдарының анықталмаған жіті жұқпасы – 65807 адамда, COVID-19 вирусы – 23418 адамда, желшешек – 1360 адамда, функционалдық диарея – 844 адамда және лямблиоз 624 адамда анықталды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті жұқпаларымен тіркелген аурулардың саны 28,6%-ға төмендеді (65807 жағдайға қарсы 92199). Сырқаттанушылықтың едәуір бөлігі қалалық жерлерде тіркелген – 81,2%.