Немерелерінің қамын ойлап: Павлодарлық зейнеткер алаяқтарға 40 миллион теңге аударған
Жыл басынан бері 1209 интернет-алаяқтық жағдай тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірде алаяқтарға алданушылардың мәселесін шешу мақсатында арнайы «Cyber Pol» тобы құрылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Сұлтанбек Қадержанов баяндады. Аталмыш бөлім интернет-алаяқтықты анықтау және тергеу жөніндегі тұрақты-әрекет ететін жедел-тергеу тобының негізінде жұмыс істейді.
– Биыл облыстың 1209 тұрғыны интернет-алаяқтардың айла-амалдарына тап болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш жүз адамға көп, – дейді Сұлтанбек Қадержанов.
Мысалы, павлодарлық тұрғын алаяқтарға бір ай ішінде 40 миллион теңге аударды. Зейнеткер немерелеріне болашақты қамтамасыз еткісі келді. Ол өз қаражатынан басқа, банктерден несие, таныстарынан қарыз алып, «инвестициялық компанияға» ақша салған.
Сонымен қатар алаяқтар Instagram, VK, Telegram, Facebook әлеуметтік желілерінде «Kaspi profit», «Kaspi инвестициясы», «ҚазМұнай инвестиция» сынды жоғары табысқа уәде беретін жалған жарнамалар таратылады. Алайда, бұл схемалар азаматтардың салған қаражаттарын қайтармайды. Алайда алданған жағдайда қаражаттың бір бөлігін азаматтық сот арқылы қайтара алады.
Тіркелген жағдайларды талдау барысында алаяқтардың «Банк қызметкерлері» немесе «құқық қорғау органдары» атынан қоңырау шалу немесе алаяқтар аймақ тұрғындарына мобильді телефон немесе мессенджерлер, мысалы, WhatsApp арқылы қоңырау шалып, өздерін банк қауіпсіздік қызметінің, Ұлттық банктің, ұялы байланыс операторларының немесе полицияның қызметкері ретінде таныстырады. Олар есепшоттарды қорғау немесе рұқсатсыз несие рәсімделуінің алдын алу сылтауымен азаматтарды несие рәсімдеуге және ақшаны өздерінің белгіленген шоттарына аударуға сұрайды.
Алаяқтар телефонға «AnyDesk», «TeamViewer», «Rust Desk» сияқты қашықтан басқару бағдарламаларын орнатуды сұрайды. Сол арқылы олар банк қосымшаларына қол жеткізіп, жәбірленушінің атына несие рәсімдейді.
Полиция нағыз банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының телефон арқылы құпия ақпаратты ешқашан сұрамайтынын және бөгде бағдарламаларды орнатуды талап етпейтінін еске салады. Егер сіз күдікті қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, әңгімені дереу тоқтатып, ешқандай жеке деректерді таратпаңыз.