Павлодар облысында өткен «Жігіт сұлтаны» белдігі өз иесін тапты

Павлодар облысында өткен «Жігіт сұлтаны» белдігі өз иесін тапты

Мәртебелі атақты сайдың тасындай іріктелген 12 азамат сарапқа салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

"Шаңырақ"  ХШО мәлімдеуінше, сайыстың ақтық сынына аймағымыздың бірқатар өңірінен келген отыздан астам үміткердің ішінен 12-сі өтті. 

- Жігіттердің сайысқа деген дайындығы бұқараның көз алдында өтті. Байқау шарттарына сай дайындықтар 6679 әскери бөлімінде, “Abylai FC” спорт клубында, “Тұран” садақ ату орталығында, ипподромда өтті. Қатысушылар өз қабілеттерін шыңдап, ақтық додаға сақадай сай дайын келді. Сәйкесінше, финалдық бәсеке жоғары деңгейде өтті, - делінген хабарламада.

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Май ауданы әкімдігінің қолдауымен, облыстық “Шаңырақ” халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық “Жігіт сұлтаны - 2023” байқауы бұрын-соңды болмаған жаңа форматта және ауқымда деңгейде өтті.

Байқау қортындысы бойынша, бас жүлде – 300 000 теңге ақшалай сыйақыны және “Жігіт сұлтаны - 2023” белдігін Май ауданының серісі, күйші, аударыспақтан бірнеше дүркін облыс жеңімпазы Айбек Байжасаров еншіледі.

Ал І орын Екібастұз қаласы, Ақкөл-Жайылма ауылының азаматы, ақын, аударыспақтан бірнеше дүркін облыс чемпионы Айбын Уахитовқа берілді. Ол 150 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

ІІ орын Павлодар қаласының үміткері, әнші, ақын, сазгер Оразбек Бақытханға бұйырды. Оған 100 000 теңге ақшалай сыйлық табысталса, ІІІ орынға Ақсу қаласының білекті жігіті, қол күрестен бірнеше дүркін облыс чемпионы Нұрсұлтан Ақылбек лайық болды. Оған 75 000 теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Бұдан бөлек, “Білімді жігіт” аталымына – Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ ауданының палуаны, қазақ күресінен бірнеше дүркін облыстық турнир жеңімпазы Айбар Жұмаш ие болса, “Мерген жігіт” аталымын Ақсу қаласы, Мәмәйіт Омаров ауылының тумасы, Белбеу күрестен Әлем чемпионатының жүлдегері Асхат Окенов еншіледі. Ал “Білекті жігіт” аталымы Май ауданы қатысушысы Арсен Шормановқа берілді. Арнайы жүлде иегерлері 50 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shanyraq Ortalygy (@shanyraq.ortalygy)