Ақсулық бишілер Мәскеуден Бас жүлдемен оралды

Ақсулық бишілер Мәскеуден Бас жүлдемен оралды

Қазылар алқасының құрамына Ресейдің кәсіби мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері, педагогтар мен хореографтар кірді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шығармашылық фестиваль туралы Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов өзінің Instgram парақшасында бөлісті. Мәскеу қаласында хореографиялық өнер саласындағы «Танцевальное поколение» «Кубок сильнейших-2024» халықаралық фестиваль байқауы өткен болатын.

Ақсулық «Экшен» би академиясы халықаралық конкурстың финалында Қазақстанның намысын жоғары деңгейде абыроймен қорғап, гран-при иеленді.

Қала әкімі би академиясының барлық қатысушыларын жеңіспен шын жүректен құттықтап, болашақта сәттілік пен жаңа жарқын жеңістерді бағындыруды тіледі.

Еске сала кетейік, ақсулық бишілер көршілес елде өткен «YOU CHAMP» атты заманауи би чемпионатында өнер көрсетіп, күміс жүлде алды. Чемпионатта  Санкт-Петербург, Пермь, Омбы, Томск, Мәскеу сынды қалалардың бишілері де бақ сынасты.