Павлодар облысындағы жол апатында Мәшһүр Жүсіптің туыстары қайтыс болды
Жол бойында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жақын туыстары ақынның есімімен аттас ауылға бара жатқан жолда көлік апатына түсіп, көз жұмды. Бұл ақпаратты Жаңажол ауылдық округінің әкімі Сәбит Кенжалин растады.
– Осы жол апатында Екібастұз қаласының тұрғыны – ғұламаның шөбересі мен Жаңажолда тұрған немересінің келіні қайтыс болды, – деп хабарлады ауыл әкімі. – Олар Мәшһүр Жүсіптің мерейтойын тойлауға Баянауылға шыққан.
Әйел адамның артында үш баласы қалды.
Еске сала кетейік, 10 тамыз күні Екібастұздан 50 шақырым жерден Мәшһүр Жүсіп пен Жаңажол ауылдарының жолында ВАЗ-2110 және LADA Priora көліктері соқтығысқан. Салдарынан жеті жасар бала мен төрт ер адам түрлі жарақаттар алып, зардап шеккен. Олардың екеуі 25-те, қалған екеуі 32,31 жаста. ВАЗ-2110 жолаушылары – 53 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Облыстық полиция департаменті ЖКО фактісі бойынша тексерісті бастады.