Павлодар әкімі орынбасарының ісі сотта қаралады
Істі облыс орталығының №2 соты қарайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінген болатын. Мемлекеттік қызметші оның орнына жолдарды жөндеу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қоюға уәде берген.
Қылмыстық істі судья Әнуарбек Оспанов қарайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері Арслан Қалияқбаровты 15 маусымда ұстады. Шенеунік Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Арслан Қалияқбарова 2023 жылдың қаңтар айынан бері Павлодар әкімі орынбасарының қызметін атқарды. Бұған дейін ол қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған болатын.