Павлодар облысында спорттың басым түрлері таңдалады
Сондай-ақ жаттықтырушыларды сертификаттау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірдегі спорт қоғамдастығымен кездесуде ол басқарма қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, жалпы саланың алдында тұрған міндеттерді атап өтті.
Оның айтуынша, министрліктің жұмысы бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, вертикалды басқаруға, спорттың осы немесе басқа түрін дамыту мәселелеріне қайта бағытталады.
- Өңірлерде басым спорт түрлерінің тізімі жасалады, - деді Серік Жарасбаев. – Мәселен, қазір республикада 179 спорт түрі бюджеттен қаржыландырылады, оның 94-і ғана жоғары жетістіктерге, 11-і ұлттық спорт түріне енген. 74 бұл критерийлерге мүлдем сәйкес келмейді. Біз қаржыландыратын спорт түрлері 60-65-ке дейін қысқарады.
Олимпиадалық, паралимпиадалық, ұлттық спорт түрлеріне, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген түрлерге басымдық беріледі. Вице-министрдің айтуынша, мұндай ысырапшылдық Токио мен Париж Олимпиадаларында көңіл көншітпейтін нәтижеге әкелді. Мәселен, Өзбекстанда мемлекет 10-20 спорт түрін қолдаса, Беларусьте – 50, Германияда – 20.
Елімізде жақын арада аккредитациядан өтетін 13 мыңнан астам жаттықтырушы жұмыс істейді. Еліміздің бір өңірінде 30 спорт мектебінің онын спорттан мүлдем алшақ адамдар басқарған фактілер бар. Павлодар облысында мұндай фактілер анықталған жоқ.
Жаттықтырушылардың жалақысы көтеріледі. Осылайша, 2028 жылға дейін бапкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыру жоспарлануда. Жалпы, спортта жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізіледі, оған сәйкес 2028 жылға қарай қазіргі кезде 232 мың спортшыға ай сайын орта есеппен 415 мың теңге бөлінетін болады. Көбірек қаржы жаттықтырушыларды асырауға емес, жарыстар өткізуге, дайындық сапасына жұмсалады.
Кездесу барысында қатысушыларға «ашық микрофон» ұсынылды. Спортшылар өздерін толғандырған сауалдар жолдап, тұщымды жауаптар алды.