Екібастұзда монша жанған
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 21 ақпанда сағат 19:42 –де 14-Южный көшесі, 48-үйдің моншасы жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Жеке меншік аумағындағы тұрған шпалды моншада 12 шаршы метр ағаш төбе құрылымдары жанып жатқаны анықталды,– деді басқармада.
Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері өртті 20:03 минутта толықтай сөндірді. Жеке құрамның 15 адамы мен 4 техника жұмылдырылды. Өрттің себебі мен келтірілген шығыны анықталуда.