Павлодарда куәгерлер жас жігіттің денесін тауып алды

Павлодарда куәгерлер жас жігіттің денесін тауып алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қайғылы жағдай орталық жағажайда орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 маусым күні сағат 16:00-де орталық жағажайда 2005 жылы туған жас жігіттің суға батып кеткені туралы хабарлама  түскен.

Жедел іздестіру шаралары жұма күнінен бері жүргізілген. Жексенбі күні кешке куәгерлер жігіттің денесін тауып, жедел құтқару жасағының күшімен судан шығарылды.

Еске сала кетейік,  28 маусымда сағат 00:58-де Торайғыр көлінде 2011 және 2013 жылы туған екі ағайынды шомылуға тыйым салынған жерде батып кеткен.