Павлодар облысының тұрғыны сібір елігін заңсыз аулағаны үшін сотталды

Павлодар облысының тұрғыны сібір елігін заңсыз аулағаны үшін сотталды
Фото: pexels.com

Ер адам бір жарым жылға бас бостандығынан және аң аулау құқығынан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігі ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, Железин ауданының 45 жастағы тұрғыны бір бас сібір елігін заңсыз аулағаны үшін сотталып, пробация қызметіне тіркелді. 

Пробация бөлімінің бастығы Айбек Айтчановтың айтуынша, 2024 жылдың қаңтарында жабайы аңды атуға арнайы рұқсатсыз, жануардың бұл түрін аулауға тыйым салынғанын біле тұра, ер адам сібір елігін атқан. 

Мемлекетке келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңгені құрады. 

Сотталған адам оны толық өтеген. Ер адамды дәл сол мерзімге аң аулау құқығынан айырумен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы қарастырылған, – делінген хабарламада. 

Железин аудандық сотының үкімімен тегіс ұңғылы қару мемлекет пайдасына тәркіленді.