Ертең Павлодарда бірқатар үй кешке дейін жарықсыз қалмақ
Мамандар электр желісіне жөндеу жұмысын жүргізбек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді.
Электр желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 15 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларға электр қуаты берілмейді:
Щедрина көшесі, 163 (Азор дүкені);
Сүлейменов көшесі бойындағы 65-80 жеке тұрғын үйлер;
Хром зауыты, Ағаш кесу зауыты аумағындағы жеке тұрғын үйлер.