Павлодардағы өрт кезінде мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды

Павлодардағы өрт кезінде мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарушылар бірінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттардың жанып жатқанын анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға Бұқар жырау көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде болды. Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті.

– Барлау жұмыстары барысында көрші пәтерден мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды. Өрт қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді. Жалынның басқа бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр.