Павлодардағы бау-бақша серіктестігінде бес учаскені өрт шарпыды

Павлодардағы бау-бақша серіктестігінде бес учаскені өрт шарпыды
Фото: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер тіркелген жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

3 маусым күні «Южный» бау-бақша серіктестігі аумағында өрт шықты. Оқиға туралы хабарлама 101 пультіне түскеннен кейін өрт орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жіберілді.

– Құтқарушылар келген кезде бес саяжай учаскесінде өрт болып жатқаны анықталды. Оның төртеуі пайдаланылмайтын аумақ болған. Жалын бұрыннан қираған құрылыстар мен құрғақ өсімдіктерді шарпыған, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, кейін толықтай сөндірілді. Мамандар жалынның көршілес учаскелер мен құрылыстарға таралуына жол бермеді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға саяжайлар мен үй маңындағы аумақтарды құрғақ шөптен, қоқыстан және өзге де жанғыш материалдардан уақтылы тазарту қажеттігін еске салды. Ведомствоның мәліметінше, ыстық әрі құрғақ ауа райында шағын ғана тұтанудың өзі ірі өртке ұласуы мүмкін.