Павлодарда скутер жүргізген жасөспірімді көлік қағып кетті

Павлодарда скутер жүргізген жасөспірімді көлік қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқушы хирургиялық бөлімге жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты Ткачев көшесінде болды. Chevrolet Nexia жүргізушісі кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған скутерге соғылған. 

Жедел жәрдем оқиға орнына шақырудан кейін бір минут өткен соң жетті. 

103 станциясының мәліметі бойынша, 15 және 19 жастағы екі адам зардап шеккен. Біріншісі –  облыстық балалар ауруханасына, екіншісі  бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. 

– Дәрігерлердің қарауынан кейін ішкі ағзаларының түрлі жарақаттары мен жаралары бар бала хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Бүгінгі таңда жағдайы тұрақты деп бағалануда, – деді денсаулық сақтау басқармасында. 

Полиция тексеріс жүргізуде, скутер мен көлік айып тұрағына қойылды.