Павлодарлық ару алаяққа миллион теңгеден астам теңгеге алданып қалды
Алаяқ жігіттің құмар ойын ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіт тұрғын үйдің ауласында қызбен танысқан. Әккі қу қыздың психикалық ауытқуы бар екенін түсініп, оның дәрменсіз күйін пайдаланған.
Қызды суретке түсіріп, ол түрлі микроқаржы ұйымдарында оған 800 мың теңгеге жуық несие рәсімдеген. Ол барлық қаражатты қарыз шотына және букмекерлік кеңселерге аударған. Алайда, жігіт мұнымен тоқтап қалмады және қызды техника дүкеніне апарып, өзінің атына 350 мың теңгеге жуық тұратын iPhone ұялы телефонын несиеге рәсімдеген.
– Жігіт телефонды және жәбірленушінің картасынан 79 мың теңгені алып, кетіп қалған. Осыдан кейін қыз полицияға жүгінді. Алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – дейді департаментте.
Полицияның хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр, күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Лудоманның болашақ тағдырын сот анықтайды.